Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі «Жайсан» кенішіндегі оқиғаны тексеру барысын жеке бақылауына алды

0 246
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаның тексеру барысын жеке бақылауға алды.
Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы құрылған комиссия оқиға орнына шықты.
Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған комиссия құрамында – ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, Жұмыс беруші «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері бар.
Қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков оқиға орнында жүр.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.