Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баспана – бақыт шамы

0 608

Өңірде 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген жеке меншік тұрғын үй көлемі 64 261 шаршы метрді құрады. Қазір ауданда тұрғын үй кезегіне 1 602 адам тіркелген. Соған орай аудан орталығы – Аса ауылынан 2 тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бюджеттік өтінім тапсырылып, қаражат бөлу күтілуде. Осы 2 тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда кезектілік 7,5 пайызға төмендеп, 120 адам баспанамен қамтылады. Бұдан бөлек, «Асар» жобасымен жағдай төмен отбасына 2023 жылы жоспарға сәйкес 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған. Бүгінгі күні  6 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек Аса және Шайқорық ауылдарында 1 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 316 адамға көтерме жәрдемалы беріліп,149 жас  тұрғын үй алуға бюджеттік кредитке қол жеткізді. Ағымдағы жылдың өзінде 4 маманға тұрғын үй алуға қаржы берілсе, тағы 1 адам баспаналы болуға бюджеттік кредит алған. Сондай-ақ көтерме жәрдемақы 20 адамға жоспарланып, бүгінгі күнге 5  адамға берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.