Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл шаруашылығы алшаң басуда

0 459

Жамбыл ауданында барлығы 3 415 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде. Оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 3 376 шаруа қожалықтары бар.

2023 жылдың қаңтар – қыркуйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 53,6 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,2%-ға жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 34,6 млрд.  теңгеге немесе нақты көлем индексі 100,2%-ға, мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 18,6 млрд. теңгеге немесе нақты көлем индексі 100,0%-ды құрады. Сондай-ақ биылға жоспарланған 60 152 гектарға егу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге 4 582 тонна бидай, 12 357 тонна жаздық арпа,   3 545 тонна майлы дақылдар,  13 585 тонна картоп, 259 655 тонна көкөніс, 21 760 тонна бақша және 310 564 тонна мал азығы жиналды.

Әр гектардан түсім күздік бидайдан 10,0 центнерден, жаздық арпа 9,2 центнерден, майлы дақылдар 11,9 центнерден,  картоп 230 центнерден, көкөніс 349,9 центнерден, бақша 277,2 центнерден және мал азығы 123,2 центнерден айналды.

Қазіргі таңда, егілген 1 540 гектар қант қызылшасын жинау жұмыстары жүргізілуде, әр гектардан 318,8 центнерден өнім жиналуда. Ал, егілген 1 955 гектар сәбізді жинау жұмыстары жүруде, орташа түсім 243,9 центнерді құрауда.

Сонымен қатар 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында шаруалар 963,4 млн. теңгеге 123 дана ауыл шаруашылық техникаларын алды. Оның ішінде лизинг жүйесімен – 470 млн. теңгеге 31 дана алса,  өз қаражаттары есебінен барлығы 493,4 млн. теңгеге 92 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алды.  

Сонымен қатар ауданда жұмыс істейтін 19 жылыжайда 17 фермерлік,                               2 өнеркәсіптікке 3,2 гектар қияр дақылы отырғызылып,  83,5 тонна өнім жиналып нарықтық бағамен өткерілді. Ал, екінші айналымға қызанақ – 0,3 га., қияр – 1,1 га, бұрыш – 0,2 га.  өнімдері егіліп бапталуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.