Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жас ақындардың жыр додасы

0 298

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің үйлестіруімен «Төрт тоқсан – төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы бастау алған болатын.

Ұлттық құндылықтарды жандандыруды, өз халқымызды, оның дәстүрін құрметтеуді дәріптейтін жоба шеңберінде республика бойынша білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өтуде. Соның бірі – «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өткен ақындар айтысы.
Жыр додасында оқушылар мен студенттер өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Айталық, іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 8 ақын «Жаңа күн – Жаңа Қазақстан», «Тілім – тұмарым», «Тәуелсіздігім – тұғырым», «Көк тудың желбірегені» деген тақырыптарды жырларына арқау етті.
Айтыс қорытындысы бойынша №53 гимназия оқушысы Бауыржан Күзенбек пен №17 орта мектептің намысын қорғаған Айсезім Жомарт жүлделі І орынға қол жеткізсе, №51 орта мектептен келген Мансұр Алишев пен №45 гимназияның оқушысы Шапағат Жақсылық ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ №30 және №48 орта мектебінің ақындары Нұртілеу Уалихан мен Балым Ардаққызы ІІІ орынды еншілесе, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия оқушысы Әзіз Құлбатыр мен Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектептің өрені Омар Агатаев арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Әріпбек Әбзелбек,
қосымша білім беру педагогы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.