Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскерге шақыру науқаны басталды

0 442

Қазақстан Республикасының 2012 жыл 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 31-бабына сәйкес, ҚР Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы №120 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап 31 желтоқсанға дейін көктем-күз мезгілінде әскер қатарына шақырылушыларды дәрілік сараптамадан өткізу комиссиясы және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты 18-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушы азаматтар қорғаныс істер жөніндегі басқармасына медициналық тексеруден өту үшін уақытылы келу қажет. Уақытылы келмеген жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабы бойынша және 2014 жылғы 3 шілде айындағы №226 ҚР Әкімшілік кодексі 647, 648, 649-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сонымен бірге «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ішінде:
– оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға;
– некеде тұрған бір немесе одан да көп баласы бар азаматтарға;
– денсаулық жағдайы бойынша азаматтарға;
– тиісті білімі бар мамандығы бойынша жұмыс істейтін дәрігер, кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға;
– әскери шақырылушының отбасы жағдайы бойынша және т.б. көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭЦҚ куәландыру арқылы құжаттарды ұсына отырып, өтініш бере алады.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алуға болады.
ҚР Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар қатаң жүргізіледі. Әскери қызметке жарамды азаматтарға әскерге шақыру кезеңінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары орын алған жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар туралы» Заңының 15-тарауындағы 366-бап «Пара алу», 367-бап «Пара беру», 368-бап «Парақорлыққа делдал болу» және Әкімшілік құқық бұзушылықтың 676-бап «Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беру» бойынша әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Е.УТЕБАЕВ,
Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының бастығы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.