Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басты мақсат – тұрғындар қауіпсіздігі

0 517

Құтқарушы болу оңай емес. Бұл саланы кез келген адам алып жүре алмайтыны да сондықтан. Сын сағатта олар дереу шешім қабылдап, адамдарды құтқаруға асығады.

Бүгінде өңір халқының қауіпсіздігі үшін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жылдар бойы қарқынды жұмыс істеп келеді. Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен дабыл бойынша 3 071 шығу тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 54 пайызға көп екенін көрсетеді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Жақсылық Бекбергеновтің айтуынша ағымдағы жылдың 9 айында 919 жағдай бойынша жедел ден қою жүзеге асырылған.
– Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар барысында Жедел-құтқару жасағы 216 адамды құтқарды. Қаза тапқандардың 59-ның денесі табылды. Есептік кезеңде 22 рет іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілсе, оның 17-сі су айдындарында болды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 9 айында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол-көлік оқиғалары кезінде апаттық-құтқару жұмыстарына 38 рет барып, 12 адамды ажалдан аман алып қалды, – дейді Жақсылық Жарылқасынұлы.
Сондай-ақ сала мамандары республикалық және облыстық маңызы бар күре жолдарда қалың қар мен дауылды боран кезінде апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 21 рет жолға шыққан. Онда 68 адам құтқарылып, 10 бала мен 74 зардап шегуші эвакуацияланған. Бұған қоса қар үйінділерінің құрсауынан 7 бірлік автотехника шығарылған.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.