Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоба аясында баспаналы болды

0 610

Қиындықта қол ұшын созу – қайырымды іс. Дана қазақ мұны әуелден біліп, мұқтаж жандарға асарлатып көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бүгінде облысымызда жанданған «Асарлатып үй салу» жобасы да бабалардан қалған сол ізгі дәстүрдің жалғасы.

Жуырда жоба аясында Байзақ ауданының Байзақ ауылында атымтай азаматтар бірігіп, ауылдағы аз қамтылған үш балалы, жалғыз басты ана – Қымбат Ходжибаеваға арнап үй салып берді.
Қоныстойға аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев пен Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Ғазиз Абаханов арнайы қатысып, үй иесін баспаналы болуымен құттықтады. Қымбат Ходжибаева да өз кезегінде көпшілікке алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Бар болғаны 3 жарым айда салынған 4 бөлмелі үйдің барлық жағдайы жасалған. Үйге газ, электр жарығы, су кіргізілген. Соңғы үлгімен салынған үйдің сыртқы көрінісі де көз тартады. Қазіргідей қымбатшылық екі бүйірден қысып тұрған уақытта мұқтаж азаматқа осындай үй салып беріп отырған ауыл азаматтарының оңды ісі өзгелерге үлгі боларлықтай.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.