Қалалық қоғамдық-саяси газет

Целиноград көшесінің бұрылыстарына асфальт төселді

0 349

Қала маңындағы тұрғын алқаптарда шешімін күткен мәселелер аз емес. Шаһардың үш жылдық даму жоспарында оларды өз ретімен шешуге айрықша мән берілген.

Айталық, «Шалғай Қарасу» алқабының тұрғындарын талай жылдан бері жол мәселесі толғандырып келеді. Міне, биыл сол түйткілдің түйіні тарқатылып, тұрғын алқаптағы Целиноград көшесінің бұрылыстарына асфальт төселді.
Құрылыстың мердігері – «КАТСА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы – «КЦУП» ЖШС-і.
Ұзындығы 4 шақырым 630 метр болатын жол құрылысы аяқталуға жақын.
Жол – экономиканың күретамыры. Тақтайдай тегіс жол тұрғындарға жайлылық сыйлап қана қоймай, олардың қауіпсіздігінің де кепілі болады. Бұл мәселеге қала әкімі Бақытжан Орынбеков те айрықша назар аударуда. Сондықтан жол жөндеу жұмыстары тек «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабымен ғана шектелмей, өзге де аумақтарда жалғасын табады

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.