Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Барысхан» алқабында жол жөндеу жұмыстары басталды

0 141

«Барысхан» алқабының тұрғындары ұзақ жылдан бері жол азабын тартып келеді.

Бұл мәселе тұрғындар тарапынан сан мәрте көтеріліп, шешімі табылмаған еді. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков барысхандықтардың өтінішін назарға алып, мәселенің биыл шешілетіндігіне уәде берген болатын. Енді міне сәтін салып, күні кеше алқапқа жол жөндеу жұмыстары басталды.
Жалпы, «Барысхан» тұрғын алқабында жоба бойынша ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көшені асфальттау қарастырылған. Биыл тұрғындар тілегін ескеріп, негізгі қоғамдық көлік қатынайтын екі көше асфальтталады. Атап айтқанда, Қызыл қайнар 1,2 және Н.Құрманбетов көшелері. Құрылыс жұмыстарын «UNISERV» ЖШС-і жүргізеді.
Алқаптағы қалған көшелер келесі жылы жөнделетін болады.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.