Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

0 376

Үлкенді сыйлау және құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз, тәрбие берудің жоғары шыңы десек болады. Алдағы аға буын, апайларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін әрине жастарға орны бөлек мұра.

«1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай кафедрамыздың ардагер оқытушыларымызды құттықтап, оқытушылар мен студенттер құрмет көрсетті. Студенттерге үлкенге құрмет көрсету, сыйлау және қадір тұтудың тәрбиелік мәнін көрсету мақсатында ұйымдастырылған кездесу жоғары деңгейде өтті.

Талай жасты тәрбиелеп, білім беріп, ізбасарларын өсірген кафедрамыздың ардагер оқытушылары Абдукаримов Алим Гуламович, Даркенбаев Ергешбай Даркенбайұлы, Әзберген Мейірбек Іңкәрбекұлы және Байназаров Таңсықбай Сағындықұлы жас буынға ақылын айтудан жалықпаған. Кездесу барысында Алим Гуламович және Таңсықбай Сағындықұлы университет қабырғасындағы еңбек ету кездерін, білім берудегі жетістіктерін, жастарға ақыл кеңестерін, жастардың болашағына тілектерін айтып, бір марқайып қалды.

Аға буынның кафедрамыздың өсіп – өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері зор. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

WhatsApp Image 2023 10 02 at 12.07.01

WhatsApp Image 2023 10 02 at 12.07.03

«Жерге орналастыру және кадастр»

кафедрасының магистр, аға оқытушысы Нұралы Ж.У.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.