Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сапалы кадрлар – сапалы жұмыс

0 305

Еліміздің дамуының екінші толқынында ҚР президенті Қ.К.Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформалармен қатар, мелмекеттік басқару ісінде де бірқатар өзгерістер енгізіп, жұмыстың жаңа жүйесін қалыптастыруды қолға алды. Бүгінге дейін білім алған, шетел тілін меңгерген, ойлау ауқымы кең білікті жастардың жеке секторда немесе дамыған мемлекеттерге кетуі елде кадрлық саясаттың дұрыс жүзеге асырылмай келгенін байқатты. Бұл мемлекеттік аппараттың жұмысына тікелей әсер ететін фактор деп қабылдау керек.

Президенттің бастамасымен қарқын алған «Президенттік жастар кадрлық резервы» жобасы биыл үшінші рет өткізілуде. Мұнда өзіндік мақсаты айқын, амбициялары жоғары, прогрессивті ойлау қабілетін иеленген дарынды азаматтар үшін жақсы мүмкіндік. Тек білім ғана емес, сонымен бірге елмен тілдесе алатын, стресске төзімді, көшбасшылық қасиеттерді бір бойына жиған жастар ғана үздіктердің қатарынан табылып, оларға жауапты жұмыстар тапсырылмақ.

Әлбетте, кадр резервке кіру бір жұмыс, сеніп тапсырылған қызметті алып жүру өз алдына бір жұмыс. Себебі, заманауи талаптарға сай келетін менеджерлердің жұмысы сапалы болған жағдайда ғана мемлекеттің стратегиялық жоспарлары мен межелері нәтижелі болатыны белгілі.

Әлемдік зерттеулерге сәйкес, жұмыс барысында 30-40 жас аралығындағы адамдардың іскерлік тиімділігі жоғары, өзгерістерге бейім, тәуекел жасаудан жасқанбайтыны анықталған. Сәйкесінше, тәжірибесі аз, тым жас немесе қызығушылығы төмендеген жасы үлкен азаматтардың саяси аренада қызмет етуі бір сарындылыққа немесе қоғамның тарапынан үлкен сынға ұшырауы ықтимал.

Дүние жүзіндегі геосаяси жағдай мен халықаралық экономикалық қатынастарға назар салсақ, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекетік саясатты сапалы кадрлар жүзеге асыруы керек деген ұстанымы – уақыт талабына сай болып тұр деп айта аламыз. Себебі, қазіргі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер, технология мен инновациялар, криптовалюталық сауда мен цифрландыру, жасанды инттелект пен креативті индустрия бастама алған кезеңде жастар кадрлық резерві жобасының мақсатын ұғынуға болады.

Мемлекет басшысының 10 жыл алдыға болжап, жоспарлау қабілеті бар саясаткер ретінде жасаған реформаларын бастапқыда толық түсіну қиынға соққанымен, оның 2-3 жылдағы алғашқы нәтижесін көргенде сарапшылардың да пікірі өзгеретіні белгілі.

Бұл жобаның бастапқыда көпшілік популисттік сипатта өтетінін болжағанымен, соңғы кадрлық тағайындаулардың осы резервтегі жастарға бұйруы біршама көзқарасты өзгертті. Ендігі кезекте, биылғы сынақтан үздік 50 жас іріктелетіні анық. Олар да болашағынан үміт күттіретін азаматтар болады деп сенім артамыз.

Исатай Ғабиден,
«Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қоғам белсендісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.