Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық хирургтар қауіпті патологиясы бар баланы аман алып қалды

0 2  807

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургия бөлімінде кішкентай нәрестенің асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақауына үшінші кезеңдегі күрделі ота жасалды.
Бала іштен денсаулығында кінараты бар болып туылған. Өмірге келген үшінші күні оған жоғары санатты білікті балалар эндоскопист-хирургі Нұртуған Әлқуатов хирургиялық ота жасап, емдеудің бірінші кезеңінен өткізген. Дер кезінде көрсетілген емнің, сондай-ақ дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында баланың жағдайы тұрақталып, қанағаттанарлық жағдайда перзентханадан шығарылған.

Осы жылдың наурыз айында аурухананың хирургиялық блогында Алматы қаласындағы Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы хирургтарының қатысуымен шеберлік сыныбы өткен. Екінші кезеңінде, яғни сегіз айлығында алматылық мамандардың және балалар хирургі Әлімжан Әукеновтың қатысуымен бірге сәбиге тағы да ота жасалған.
Ал, қыркүйекте емдеудің үшінші кезеңі өткен. Операцияны бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары Мәулім Кенжалы, хирургия бөлімінің меңгерушісі Эльбрус Салпағаров және хирург Дәурен Бағыбаев сәтті жасап, балаға екінші өмір сыйлады. Ата-анасының дәрігерлерге алғысы шексіз.
Барлық емдеу кезеңдерінен өтіп, жағдайы жақсарған сәби бүгінде үйіне шығарылды.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жасалып жатқан барлық оталар медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.