Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дүниежүзілік жоба Дулати университетінен бастау алды

0 244

Күні бүгінге дейін экологияны жақсарту мақсатында бірлескен халықаралық жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі BEACON жобасы. Beacon жобасы экологияны тұрақты дамыту мақсатында әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Дүниежүзілік жобаға Қазақстан, Шотландия, Үндістан және Бразилия елдерінің ғалымдары атсалысады.

Қазақстанда бұл жоба Дулати университетінің ғалымдарының бастамасымен Шотландиядағы Стирлинг британдық университеті арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асыралған. Осы ретте Британдық ғалымдар Изабель Джонс және Крис Литтлбой Дулати университетіне келді. Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімованың қабылдауында болып, университет ғалымдарымен кездесті.

Кездесу барысында алдағы 1 айлық экскурсия мәселесі талқыланды. Ғалымдардың айтуынша, алдағы күндері британдық ғалымдар Шардара елді-мекенінен бастап Арал теңізіне дейінгі аралықтағы су жетіспеушілігі мәселесімен танысады.

Дулати университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сейтжан Қойбақовтың мәлімдеуінше аймақтағы су ресурстарын пайдаланудың ұзақ мерзімді тұрақтылығына және трансшекаралық мәселелер бойынша зерттеулер жасалынады деп жоспарлануда.

 WhatsApp Image 2023 09 19 at 18.43.12

WhatsApp Image 2023 09 19 at 18.43.12 1

WhatsApp Image 2023 09 19 at 18.43.12 2

WhatsApp Image 2023 09 19 at 18.43.12 3

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.