Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбек адамдары еленген күн

0 224

Бүгін Еңбек күні мерекесіне орай  салтанатты жиын өтті. Жыл ішінде өзінің адал еңбегімен өзін көрсете білген азаматтарды марапаттап, оларды жастарға үлгі етуді мақсат тұтқан шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров,  облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы  Аслан Оразбеков, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің  жергілікті кәсіптік одағы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерұлан Мағзымбеков пен еңбек ардагерлері, салалық кәсіподақтар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Нұржан Сәбитұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.

– Бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі деп білемін. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Алдыңғы қатарда жүрген өздеріңіз сияқты еңбек адамдарының тәжірибелерін жастарға үлгі ету, жастарды еңбекке баулу өте маңызды, – деген ол еңбегімен еленген бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет Грамоталарын табыстады.

Бұдан кейін шараның өзге қатысушылары сөз сөйлеп, мерекеге ыстық ықыластарын жеткізді.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұрперзент Туғанбай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.