Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тиімді жобаларға қолдау көп

0 1  024

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар жобалар қаралды.

Атап айтсақ, «TB Alloys Kazakh Limited» ЖШСнің бас директоры Лалу Абинештің «Ферросилиций өндірісі» бойынша инвестициялық жобасын жүзеге асыруда кездесіп отырған инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Ал «Sayazhay» ЖШС-нің бас директоры Ғалымжан Шалатаев «BauyrSaq» – жол бойындағы қызмет көрсету бойынша инвестициялық жобасын ұсынды. Ол жаңа үлгідегі заманауи жол бойындағы сервистік нысандарын облыстың бірнеше жерінен салуға ниетті екендігін білдірді. Сондай-ақ ЖК Фархад Фазылов «Пышка – кондитерлік» жобасын кеңейтуге қатысты бірқатар өтініштерін жеткізді. Басқосуда өзге де бірқатар жобалар таныстырылды. Облыс әкімі аймақ үшін тиімді жобаларға жергілікті билік заң аясында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қажетті қолдау шараларын барынша көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға кейбір мәселелердің шешу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар жүктеді. Нұржан Нұржігітов өз кезегінде инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтуға бағытталу керектігін атап өтті.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.