Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

0 300

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.

Кездесуде бауырлас екі елдің, оның ішінде Жамбыл облысымен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақ-Қырғыз I Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы пысықталды.
Аймақ басшысы тараптар арасындағы өзара тығыз байланысты ескере келе, елдердің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты да нығайта түсу қажет екенін атап өтті. Облыс туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Дастан Дюшекеев жылы шырайда қабылдаған облыс басшылығына алғысын жеткізіп, сауда-экономика, әлеумет, медицина, білім салаларында қарым-қатынасты нығайта түсудің негізі зор екенін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.