Қалалық қоғамдық-саяси газет

Белгілі жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт өмірден өтті

0 298

Белгілі жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Тұрлыбек Мәмесейіт өмірден озды. Қайғылы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Тұрлыбек Мәмесейіт 1949 жылдың 17 ақпанында дүниеге келген.

1975 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген.

«Жетісу» газетінде, 1977-1995 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 1998 жылға дейін «Өнер» баспасында бас редактор, 1998-1999 жылдары «Рауан» баспасында жетекші редактор болып қызмет атқарды. 1999 – 2001 жылдар аралығында «Атамұра» корпорациясында редактор, 2001-2008 жылдары Астанадағы «Елорда» баспасында Бас редактор болып қызмет істеген. 2008 жылдан Астана-Полиграфия АҚ Баспа басқармасының Бас редакторы болып еңбек етті.

«Тоғысқан толқын», «Зерделілік айнасы», «Дидар» атты әдеби сын, «Беторамал», «Түсіме тау кіре ді», «Бесік пен несіп», «Плач охотника», «Әулие-шоқы», «Тектіні кегі», «Тау», «Қарқара көтерілісі», «Жасын түскен маусым» атты әңгімелер, хикаяттар мен повестер жинағының, «Таңжарық» романының авторы.

Соқталы шығармалары қырғыз, түрікмен, орыс, қытай тілдеріне аударылды.

«Тауда өскен ұл» повесі баспа комитеті мен «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде сыйлыққа ие болған.

«Егіз елдің әуейі», «Шерхан Мұртаза» атты зерттеу еңбектерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты. Соңғы жылдары М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында «Бәкей қыз» атты драмасы сахналанды.

1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына орай Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болса, 2000 жылы «Әулиешоқы» атты повестер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.