Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды

0 987

Ризабек Айтмұхан Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалында әзірбайжандық Осман Нурмогамедовты жеңіп, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Кездесу соңына дейін ұтылып жатқан Ризабек санаулы секундтарда қарсыласына әдіс жасап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – биыл еліміздің ғана емес, әлемдік күрес мамандарының жоғары бағасын алған боз кілем шебері. Ол жылдың басында Алматыда өткен күрестен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Осыдан кейін көктемде Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Амман қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-орын алды.

Сонымен қатар, еркін күрестен егемендік жылдары қазақстандық балуандар әлем чемпионатында 16 жүлдеге қол жеткізген. Оның бесеуі – күміс, қалғаны қола алды. Ризабекке дейін дүниежүзі додасының финалында Нұрқожа Қайпанов күрескен (70 кг, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы).

92 кг дейінгі салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.