Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылыту маусымына дайындық қандай?

0 452

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар жылу энергетика кешендерін аралап, қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді.

Аймақ басшысы ең алдымен «ТаразЭнергоОрталық» АҚ-да болды. 58 мыңға жуық абонентке қызмет көрсетіп отырған мекеме шаһардың 80 пайызын жылумен қамтамасыз етеді.
Бюджет есебінен «Таразэнергоорталық» АҚ-ның РК-4 қазандығына қосымша қазандар сатып алуға 932,8 млн теңге бөлінген.
Облыс әкімі орталықтың қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысып, жауаптыларға жөндеу жұмыс- тарын бекітілген кестеге сәйкес атқарылуын бақылауға алуды тапсырды.
Келесі кезекте өңір басшысы елдің оңтүстік өңірін электр қуатымен қамтамасыз ететін «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-да болып, қызметімен танысты.
Станцияда жалпы қуаты 1 230 МВт болатын алты энергия блогы орнатылған. Мұндағы жабдықтардың тозу деңгейі 30,4 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 25 пайызға дейін төмендету жоспарланған.
Ербол Қарашөкеев «Жамбыл-Жылу» МКК-нің жұмысымен де танысты. Жылыту орталығы 86 көпқабатты үйге, бюджеттік мекемелерге қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда мекеме шет елдерден жылыту қазандықтарын алдыртып жатыр.
– Басты міндет – қазандықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жылыту маусымы кедергісіз өтуге тиіс. Мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар ерекше бақылауға алынуы керек, – деді облыс әкімі.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.