Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде құмар ойынға тәуелділердің саны 36 мыңға жеткен

0 467

Қазақстанда лудоманиямен ауыратындардың саны шамамен 36 мыңға жетті.

 

Мұны денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдардың саны – шамамен 36 мың», – делінген лудоманиямен күреске арналған кеңестің қорытындысында.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният тәуелділіктің алдын алудың ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындау іске асырылатынын мәлімдеді.

Ғинияттың айтуынша, қолданыстағы клиникалық хаттамалар, емдеу стандарттары, медициналық көмек көрсету сапасы жеке наркологиялық орталықтарда да қолданылуы тиіс. Осыған байланысты олардың қызметін реттеу жоспарланатынын түсіндірді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.