Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ажары ашылған ауылдар – ел дамуының айғағы

0 255

Қарқынды даму жолына түскен еліміздің әр аймағында әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда. Әсіресе, соңғы жылдары ауылды жерлерде атқарылған жұмыстар көңіл қуантады. Соның арқасында түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ажары ашылған ауылдар аз емес. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы да зор септігін тигізуде.

Көркейген Құландағы қарқынды жұмыстар

Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылдық округіне Құлан, Қарақат және Шөнгер елдімекендері кіреді. Мұнда қазір 19443 адам тұрмыс кешуде. Округ әкімі Еркін Сейтжапаровтың айтуынша, есепті мерзімде ауылдың әлеуметтік-экономиканың көрсеткіштерінің барлық бағыттары бойынша оң динамика қалыптасқан.

– Бүгінгі күнге ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 1528 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,7 пайызға артқан. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 2022 жылдың қорытындысымен 2496 адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 2,7 пайызға өскен. Сондай-ақ Құлан ауылдық округі бойынша 2023 жылдың басында 137 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде 125 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Құлан ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 55067,4 гектарды құраса, оның ішінде 11911 гектары егістік, көп жылдық екпелер – 43,7, шабындық – 1211,2, жайылым – 34646 гектар және басқа да жерлерден құралған. Ауыл тұрғындарының мал жайылым тапшылығын шешу мақсатында Құлан ауылына қарасты шаруа қожалықтардың жайылым жерлеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда құм аумағында 405 гектар жайылым және тау бөктерінен 227 гектар қарастырылып, елді мекен халқының ортақ малын маусымды жаюға жайылым жерлер анықталды. Сонымен қатар биылғы көктемгі дала жұмыстарына 307,5113 тонна кепілдендіріліген жанар май бөлініп, 307,5113 тоннасы келіп толық 9 шаруаға таратылды. Ауыл бойынша егін орағының науқаны аяқталуға жақын. Бүгінгі күнге 29 АШТӨ-нің ораққа түсетін 8717 гектар масақты дәнді дақылдардан 7725 гектары жиналды. Ораққа ауылдағы 19 дана комбайн, 25 дана соқалы тракторлар, 26 дана дән таситын автокөліктер, 2 дана қызметтегі автокөліктер дайындалып, 60 тан аса адам ораққа қатысады, – дейді Еркін Серікханұлы.
Құландықтар инвестицияның да игілігін көруде. Айталық, округ бойынша 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 46 миллиард 2774 миллион теңгені құрайтын 41 ірі және шағын инвестиция-лық жобалар айқындалып, оның 2177 миллион теңге құрайтын 10 жобасын биыл жүзеге асыру көзделген. Олар – «Даулетбай» ШҚ шұжық өндіру,тері және жүнді қайта өңдеу, «FISHING INDUSTRY» ЖШС балық шаруашылығы, «NOMAD» ФШҚ балық шаруашылығы, «Шалқар», «Оспанов Ж» мал бордақылау алаңдары, «Эмиль» ШҚ бал ара шаруашылығы, «Тастанбеков Б» жихаз цехы, «Өтеміс», «Жетен» дүкендері және «Алгожина И» ойын-сауық орталығы. Осылайша, биыл құны 2177 миллион теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылмақ. Соның нәтижесінде 76 тұрақты. 56 уақытша жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Құланда құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында салық басқармасының жанында орналасқан саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Кеңінен тоқтал-сақ, аталған саябақ-қа жаяу жүргінші- лер жолы, кіреберіс аркасы салынып, ойын алаңы, субұрқақтар, стелла орнатылады. Бұдан бөлек ауыл көшелеріндегі тақтайшалар, су ағарлар ауыстырылып, бірқатар көшелер жарықтандырылуда. Бұған қоса Тілепов көшесінің бойына жаңа аллея ашылып, мұсылман және христиан бейіттерінің сырты қоршалуда.
Округте тұрғын үй құрылыстарына да баса мән берілуде. Мәселен, жуырда Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлердің алғашқы нүктесі пайдалануға берілсе, екінші нүктесін жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда екен. Сол сияқты биыл «Асар» жобасы аясында 1 құрылысы бітпей тұрған үйлерді салып бітіруге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша бас- аяғы жыл соңына дейін 180 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек 2023 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сұранысқа ие мамандардың тізбесі қалыптастырылып, 34 маманға бекітілген. Сөйтіп тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке 22 маманға 113,8 миллион теңге қаражат қарастырылған.
Ауылда ауыз су мәселесі де шешімін табуда. Бүгінде ауылдың 90 көшесі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында жалпы соммасы 634 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, ағымдағы жылдың тамыз айыннан бастап құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, биыл Құлан ауылының Жібек жолы, Уколова, Балуан шолақ, Сырдарария, Тәжібаев көшелеріне су жүйелері ауыстырлып жаңартылды. Жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін электр жарығына 195363,0 мың теңге, тесілген су құбырларын қалпына келтіру үшін 12000,0 мың теңге, құрылғыларды күтіп ұстау үшін – 6449,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Ерекше атап өтерлігі, ауылішілік 90 жолдың 81-і толығымен асфальттанған. Ағымдағы жылы Уколов қиылысы, Өтемісұлы көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілді. Қалған 5 көше мен 4 көше бұрылыстарын асфльттау жұмыстары 2024 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, бюджеттік өтінім беріліпті.
Ауыл халқы әлеуметтік төлемдерден де кенде емес. Айталық, ағымдағы жылы жұмыссыздар санын азайту мақсатында 231 адам тұрақты жұмыс орны, 33-і жастар тәжірибесімен, 132-і ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Осылайша, жыл басынан бері бейресми 60 жұмыс берушіден 203 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылған. Сондай-ақ табысы кедейшілік шегіне жетпейтін 199 отбасының 1420 адамына 59,1 миллион теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленіп берілген.
Әлеуметтік салалардың да әлеуеті кеңеюде. Бүгінде Құлан ауылдық округіндегі 7 мектепте 3699 оқушы білім алса, 688 мұғалім жұмыс істеуде. Бұған қоса ауылдық округте 9 балабақшада 1113 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сондай-ақ мектептердегі шағын орталықтарда 98 жасөспірім дәріс алуда. Ағымдағы жылы Құлан ауылынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысы қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Денсаулық сақтау саласына келсек, Құлан ауылы аудан орталығы болғандықтан мұнда 1 аудандық аурухана, 1 емхана және Қарақат ауылында 1 фельдшерлік-акушерлік пункті орналасқан. Спорт саласы бойынша Құлан ауылында 1 спорт кешені, 2 спорт мектебі бар. Онда 14 спорт түрінен үйірмелер ұйымдастырылып, 1982 жасөспірім спортпен тұрақты шұғылданады. Сонымен қатар ауылдық округте аудандық М.Өзбеков атындағы 1 мәдениет үйі және 1 Қарақат ауылдық клубы жұмыс істейді.
Ауылдық округте халық пен билік арасында берік байланыс орнатылған. Соның айқын дәлелі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықпен кездесулер былтырғы жылдан бастап жаңа форматта өтуде. Бүгінгі күнге барлығы 9 кездесу өткізіліп, халықты толғандырып жүрген бірқатар мәселелерге тиісті жауаптар берілген. Сондай-ақ жыл басынан ауыл әкімінің жеке қабылдауына 16 азамат жазылып, оның 5-еуі қанағаттандырылып, 11-іне түсіндіру жұмыстары жүргізілпті. Бұған қоса 2023 жылдың 6 айында жеке тұлғалардан 38, заңды тұлғалардан 2 өтініш қабылданып, өтініште баяндалған мәселелер қолданыстағы заң нормаларына сәйкес өз шешімін тапқан.
Ауылдық округ әкімі аппаратында негізінен 3 қызмет түрі көрсетіледі. Олар – жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту (электронды түрде), жер кезегіне тіркелу (электронды түрде), елді-мекен шегінде обьект салу үшін жер телімін беру (қағаз жүзінде). Мекеме ғимаратында ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін негізгі қызмет түрлері, қағидалары мен өтініш үлгілері жазылған ақпараттық стенд ілінген. Сонымен қатар, халыққа электронды қызметтерді өздігінен алу мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Жыл басынан жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге – 3 өтініш, елді-мекен шегінде обьект салу үшін жер телімін беру – 25 өтініш қабылданып, қанағаттандырылған. Ал жер кезегі бойынша қазіргі уақытта Құлан ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бос жер телімін алуға жер кезегіне 4241 азамат тіркелген. Оның ішінде Құлан ауылдық округінің «Арай» тұрғын алқабында инфрақұрылымы жүргізілген алқаптан 650 жер телімі бөлінген. Құлан ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер кезегіне 2005-2008 жылдары тіркелген азаматтар шақырылып, қазіргі уақытта 590 азаматтың жер телімін алу туралы өтініші қаралған. Оның ішінде 42 азаматқа бұрын мемлекеттен алған жерінің бар болуына байланысты жер телімін беруден бас тартылған, 25 азамат қайтыс болғандығы анықталып, 10 азамат жер телімін алудан өз еркімен бас тартып, 390 азаматқа ауыл әкімінің шешімі берілса, 108 азамат құжаттарын рәсімдеуде.

Түймекенттегі
тиянақты тірліктер

Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округінде де тиянақты тірліктер жетерлік. Ауылда барлық сала алға ілгерілуде. Айталық, округте 2023 жылдың 1 қыркүйегіне АӘК жәрдемақысына 50 отбасының өтініші қабылданған. Осылайша, бүгінгі күнге атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын алушылардың ішінен 26 көп балалы отбасы бар. Сондай-ақ ауыл тұрғындары арасынан 40 азамат «Бастау бизнес» онлайн сертификаттарын алып, өзінің бизнес жобаларын жасап, мемлекеттік грантқа қатысып, 1 адам мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізген.
Округ әкімі Қанат Смағұловтың айтуынша, ауылдың ауыл шаруашылығы алшаң басып келеді.
– Ауылдық округтің жер көлемі барлығы 7862 гектар егістік бар болса, оның 3 693 гектары суармалы, 4169 гектары тәлімдік жер. Ағымдағы жылы 258 шаруа қожалығы тіркеліп, егін және мал шаруашылығымен айналысуда. Сондай-ақ биыл 2320 гектарға арпа, 590 гектарға жүгері, 95 гектарға картоп, 230 гектарға қант қызылшасы, 300 гектарға көкөніс, 300 гектарға бақша, 430 гектарға жаңа жоңышқа, 2060 гектарға ескі жоңышқа, 80 га сүрленген жүгері, 340 гектарға сафлор егіліп тиісті өнім алынуда. Түймекент ауылдық округінде жалпы жайылым жер 17 637,45, қажетті жайылым көлемі 18 770,45, жайылым жердің жетіспеушілігі 1133 гектарды құрайды. Осы мәселені шешу үшін округтің қызмет көрсету аумағында бос жатқан жер учаскелерін түгендеп нақты шекарасын бекіту арқылы 801,1727 гектар жайылым жер қосылып беру қарастырылуда. Оның 780,43 гектары жайылым, 20,737 бөгде жер есебінде. Сонымен қатар 2021 жылы игерілмеген жерді зерделеу жұмыстары бойынша Молдабеков Калмырзаның 400 гектар жері мемлекеттік жер қорына қайтарылған болса, былтыр Айтбеков Сарсембектің 0,9 гектар, Битабаров Букенбайдың 200 гектар, Дуйсенбаева Разияның 3,9 гектар жері мемлекеттік жер қорына қайтарылды, – дейді Қанат Ерубайұлы.
Қазіргі таңда Түймекент орта мектебінде 149 мұғалім, 1172 оқушы бар. Ал Ғ.Байтасов атындағы тірек мектебінде 76 мұғалім, 506 оқушы болса, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде 36 мұғалім 208 оқушыға тәлім беруде. Сондай-ақ «Ақжар» бөбекжай-бақшасында 3 топта 65 бала, 11 тәрбиеші, «Қарлығаш» бөбекжай бақшасында 6 топта 140 бала, 20 тәрбиеші, «Орынкүл» бөбекжай бақшасында 7 топта 140 бала, 11 тәрбиеші бар. Бұған қоса Түймекент дәрігерлік амбулаториясында 4 дәрігер, 16 медбике, 2 акушерка, 1 психолог, 1 социолог, 1 лаборант-1, 1 рентген-лаборант, 2 санитарка, 1 жүргізуші, «Ақжар» фельдшерлік пунктінде 1 медбике, 1 акушерка, 1 санитарка ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек ауылда 2021 жылы спорт сауықтыру кешені салынып, қолданысқа берілген еді. Мұнда 9 үйірмеде, спорттың 7 түрінен 3247 бала айналысуда. Осының нәтижесінде ауылдық округтен 7 Қазақстан чемпионы, 12 Азия чемпионы шыққан.
Ауылда құқықбұзушылықпен де күрес күшеюде. Осы мақсатта 2021 жылы учаскелік полиция пункті салынды. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы 7 қылмыс тіркеліп, оның барлығы дерлік ашылған. Құқық бұзушылық пен мал ұрлығының алдын алу үшін Түймекент ауылында 4 бейне бақылау камерасы, Ақжар ауылында 1 бейне бақылау камерасы орнатылған.
Тағы бір айта кетерлігі, 2023 жылы тұрмысы төмен отбасы, жалғыз басты ана Такеева Асияға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында үй салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда үйдің іргетасы қаланып, қабырғасы тұрғызылып, төбесі жабылып, іші,сырты сыланып бітті.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы ауылда жүйелі жүзеге асуда. Мысалы, жобаның барлық 5 бағыты бойынша 615,2 миллион теңгеге 262 ауыл тұрғыны несиелендірілген. Бүгінгі күнге несие алған азаматтар несиесін тұрақты түрде төлеп отыр. Оның ішінде 19 азамат өзінің кәсібін дөңгелетіп төл жинау арқылы пайда тауып 40 964 191 теңге үстем ақы пайызымен несиесін мерзімінен бұрын төлеген.
Жобаның 1 бағыты үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты бойынша ауылдық округте жоспарланған 1140 ауланың барлығы 132,7 гектар жерінің, 80,2 гектарына қияр, 27,2 гектарына қызанақ, 25,3 гектарына картоп егілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 76 гектарға ұлғайған. Кооператив ауыл тұрғындардың үй іргесіндегі 1140 ауланың ішінен 128 аулаға жалпы 448 000 теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларымен қызмет көрсетті. Жалпы үй іргесінен 426,6 тонна қияр, 252 тонна қызанақ, 190 тонна картоп жиналған. Аталған өнімдердің 510 тоннасы ішкі тұтынуына жұмсалса, 358,6 тоннасы сауда орындарында және еркін саудада сатылыпты. Ал ағымдағы жылы 1224 аулада 37 гектар қияр, 25,8 гектар қызанақ, 17,3 гектар картоп, 4,2 гектар баклажан, 4 гектар бақ, 6,2 гектар бұрыш, 5,5 гектар асқабақ, барлығы 100 гектар жерге егін егілді. Нәтижесінде үй іргесінен 857,2 тонна өнім жиналған.
Жобаның 2-бағыты мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бағыты бойынша ауылдық округте 5165 мал басын сатып алуға 258 адам 602,274 миллион теңгеге 577 бас жылқы, 2780 бас қой-ешкі, 558 бас мүйізді ірі қара, 1250 дана құс алынған. Ал биыл мүйізді ірі қара 2290 бас, жылқы 900 бас, қой-ешкі 13900 бас, құс 17500 басты құрап, мал басы өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға өскен. Ал жобаның 3-бағыты тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану бағыты бойынша ауыл сыртындағы жер үлестері есебінен кооперативке 413 гектар егістік жер біріктірілген. Оның ішінде, 250 гектары жалға алынып, қалған 163 гектар кооператив мүшелерінің жерлері. Ағымдағы жылы 192 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде 100 гектарға арпа, 50 гектарға жүгері, 15 гектар жерге т.б дақылдар, 27 гектар жерге жоңышқа егілген.
4-бағыт бойынша «Түймекент-2019» ауыл шаруашылық кооперативіне 85,8 миллион. теңгеге алынған 18 ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде 3 трактор, 1 комбайн, соқа, культиватор, дән сепкіш, дәрі бүркігіш, шөп тайлағыш, тіркеме, жүктегіш және басқа қосымша құрылғылар тұрақты пайдалананылуда. «Түймекент-2019» кооперативі 36 миллион теңге субсидия алып, қосымша 20 миллион теңге қаражат қосып, барлығы 56 миллион теңге қаражатты алынған техникалардың несиесіне төледі. Қалған 29,8 миллион теңге несиені бекітілген кесте бойынша төлеуде. Алынған техникалар үй іргесіндегі жерлерге төмен бағамен жерлерін айдалып өңдеуге қызмет етуде.
«Түймекент-2019» ауыл шаруашылық кооперативінің алынған техникалардың несиесі бойынша жыл сайын 12 миллион теңге, 6 ай сайын пайыздық үстемақысы төленуде.
Пилоттық жобаның 5-ші бағыты бойынша бал омартасы, жылыжай, наубайхана, ұрық тазалау бағытында 4 азамат 12,941 миллион теңге несие алған. Бал омартасы іске қосылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Алынған өнімдерді ауыл тұрғындарына және дүкендерге еркін сауда арқылы сатылуда. 1 келі балдың бағасы 3000 теңге
Жылыжай бойынша құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған,. Алайда қаражатқа байланысты іске қосылған жоқ. Себебі өзі алған несиесі құрылысқа жетпей бизнес жобасын өзгертіп, үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ наубайхана іске қосылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын жалғастыруда Қазіргі таңда 1 күнде 100–150 дана нан пісіріп, ауыл тұрғындарын нанмен қамтамасыз етуде.
Жоңышқа ұрығын тазалау қондырғысы 2022 жылдан бастап толық қанды жұмыс істеп тұр. Қосымша биогумус (шылаушын басын көбейту) кәсібімен айналысуда. Яғни, малдың қиынан табиғи минералды тыңайтқыштарды шығару арқылы тозығы жеткен жерлерді тыңайтып, химиялық тыңайтқыштардан арылтуда.
Түймекент ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылдың 8 айында азаматтардан 33 өтініш келіп түссе, оның ішінде, 28-і жеке тұлғадан, 5-еуі заңды тұлғадан келген. 29 өтінішке әкімшілік акт қабылданса, 2 өтінішке ауыртпашылық әкімшілік акт қабылданды. 32 азамат әкімнің жеке қабылдауында болды. 28 өтініш қанағаттандырылып, 4 өтінішке заң аясында түсінік берілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
2023 жылдың 8 айында ауыл тұрғындарына 6 рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерге салынып, оған 941 адам қамтылды. 2021 жылы ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста болу мақсатында, «Whatsapp» желісі арқылы «Әкіммен тікелей байланыс» атты жүйелі топ ашылып, тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, тиісті шешімін табуда.
Түймекент ауылында атқарылған жұмыс аз емес, алдағы жоспар жұмыр. Атап айтсақ, ағымдағы жылға Түймекент ауылының 21 көшесін орта жөндеуден өткізу, Д.Қонаев және А.Л.Нахманович көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу, Түймекент ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратын орта жөндеу, ауылдық саябақты қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда 11 көше асфальттанды. Жылдың соңына дейін барлық жоспарланған жұмыстар атқарылмақ. Ал 2024 жылы Түймекент ауылының барлық көшелері жарықтандырылып, жер кезегінде тұрған азаматтарға жер беру үшін инфрақұрылым жүргізіліп, Д.Қонаев көшесі орталықтан Ғ.Байтасов тірек мектебіне дейін жаяу жүргіншілер жолын салынады деп көзделуде.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.