Бүгінгі
күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік
қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен
жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ,
өз тағдырын сеніп тапсырып, біздің кәсіби шеберліктеріміз бен
біліктіліктерімізге сенім артқан халықтың көңілінен шығу қашанда қиын.
Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған
кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек ету біз үшін ортақ
абырой. Елбасы «100 нақты қадам» тапсырмасының 1-қадамында кәсіби мемлекеттік
аппарат құру мен мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту «Мемлекеттік
қызметке қабылдау төменгі лауазымнан басталуы тиіс» деп нақтылап берген
болатын. Сондай-ақ мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін қалыптастыра отырып,
биліктегі ашықтыққа басымдық берілген. Әсіресе, мемлекеттік орталық органдардың
статистикалық база мәліметтеріне онлайн-қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
Өзін-өзі реттеу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы халықтың
әділ шешім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігі кеңейе түседі. Ендігі меже –
Елбасы елеп-екшеп, бағыт-бағдарын айқындап берген нақты міндеттерді мінсіз
орындау болмақ. Бұл ретте аудан әкімінің тапсырмасына орай аудандық аппараттың
жұмыс жүйесі одан сайын үрдісін жасқартуды межелі міндет етіп отырғандығын
айтқым келеді. Мемлекеттік қызметшілердің
мақсат-мүддесі Елбасының сарабдал саясатымен үндес.Мен үшін де мемлекеттік
қызмет үлкен абырой, парасат биігінің бастауы. Осы жылдар ішінде ең
алдымен елдің абыройын асқақтатып, халықтың алдындағы қызметімді, межелі
міндетімді бірінші орынға қойдым. Өйткені
халықтан биік еш нәрсе жоқ. Мемлекеттік қызметтің өз жүгі, өзі биігі бар.
Сол жүкті бар ыждаһатыммен арқалап, ел ертеңі
үшін еселі еңбек етіп, Елбасының салиқалы саясатын әрі қарай қолдап, қуаттасам
маған одан артық ештеңе қажет емес. Менің
міндетім жұмысты жүйелі жасап, елдің алғысын арқалап, ауылдың өркендеуіне үлес
қосу.
«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, еліміздің өркен жайып көркеюі менің және халықтың бірлікте жұмыс жасауымызда екендігін білемін. Сондықтан өзімнің төл міндетімді барынша адал атқаратын боламын. Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет. Мемлекеттік қызмет жолын таңдаған азамат әрбір ісіне аса зор жауапкершілікпен қарағаны жөн – ақ. Сәл нәрседен мүлт кетсе, ол оның абыройы мен атқарған жұмысына сын болары анық.
Жамбыл облысы әкімдігінің
еңбек инспекциясы басқармасының
еңбек заңнамасының бақылау бөлімінің басшысы
Бауыржан Молдашев