Қалалық қоғамдық-саяси газет

23 мыңға жуық жамбылдық бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

0 321

Жамбыл облысында биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 22 861 оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

1 қыркүйектен бастап облыстағы барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.

 

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 49 137 оқушыны жергілікті бюджеттен есебінен әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жоспарланған. Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге өткен жылы әр балаға 37 389 теңгеден қарастырылса, ағымдағы жылы 40 567 теңгеден бөлініп, ата аналардың жеке шоттарына аударылды.

 

Жамбыл облысында өткен жылы білім саласына 241,1 млрд. теңге қаржы қарастырылса, биыл 284,8 млрд. теңге қаражат бөлініп, 18 пайызға артқан. Бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады.
Бүгінгі күні аймақтағы 690 білім нысаны толығымен бейнебақылау камераларымен қамтылған.
Сонымен қатар, оқулықтарды сатып алуға ағымдағы жылы 3,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілуде.

Саладағы инфрақұрылымды жетілдіру өте маңызды десек, ағымдағы жылы 25 білім нысанының құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін тоғыз мектеп пен бес мектептің жапсарлас құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі. 11 нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады.

 

Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің жетеуінің құрылысы осыжылы, бесеуі келер жылы басталмақ. Бұдан бөлек, биыл 17 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізу көзделген.​

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту басты назарда. Атап айтсақ, мектепке дейінгі ұйымдардағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 326 баланы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 425 678,0 мың теңге қарастырылған және өңірдегі «Мейірім» жобасы аясында 96 мекеме 137 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға әлеуметтік қолдау көрсетуде. Жоба аясында 1331 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 65 млн. теңгеден астам қаржы аударды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.