Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру туралы айтты, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. “Самұрық-Қазына” қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек.
Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс”, – деді ол.