Қалалық қоғамдық-саяси газет

«100-ден астам адам зардап шекті»: Қырғызстанда Жапаров қатысқан көкпардың соңы тәртіпсіздікпен аяқталды

0 118

Қырғызстанда «Достук» пен «Ынтымақ» командалары арасында көкпардан Президент кубогы өтті. Аталған бәйгенің финалы тәртіпсіздікпен аяқталды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Ош облысындағы Толойкон ипподромында болған. Ойын нәтижесінде жеңіс Ынтымаққа бұйырды, алайда көрермендер төрешінің шешіміне наразылығын білдірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, төреші соққыға жығылған. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан полицейлердің оны ортадан қалай алып кеткенін көруге болады.

 

Оқиға куәгерлері түсірген кадрлардан жедел жәрдем көлігіне тас лақтырылғаны және терезелерінің сынғанын көруге болады. Көпшілік көліктің жүруіне кедергі келтірді. Видео авторының пікіріне қарағанда, тәртіпсіздіктер салоннан төрешіні іздегенін көруге болады.

Оқиға куәгерлері мемлекет басшысы Садыр Жапаров, Бас прокурор Құрманқұл Зұлушев және Жоғарғы сот төрағасы Замирбек Базарбековтің болып жатқан оқиғаға реакциясын видеоға түсіріп алған

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәртіпсіздік салдарынан 100-ден астам адам зардап шеккен. Ауруханада екі адам жатыр: бірі көкпаршы, екіншісі тәртіп сақшысы. Көкпаршының тәртіпсіздік кезінде емес, ойын кезінде жарақат алғаны нақтыланды.

Ведомствоның мәліметінше, медициналық шатырларда 100-ге жуық адамға амбулаторлық көмек көрсетілген.

Тәртіпсіздікке байланысты ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев үндеу жасады. Ол төбелеске қатысқандардың барлығы, соның ішінде арандатушылар да жазаланатынын мәлімдеді.

«Көпшілік арандатушылардың алдауына түсіп, эмоцияға беріліп, тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға тырысты. Бірақ біз, қырғыздар, тату болып, ел тыныштығын сақтауымыз керек. Бұл спорт, ойын. Бұл жерде біреу жеңіледі, біреу жеңеді. Ұтылғандар эмоцияға берілмеуі керек. Құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік қызметкерлеріне тапсырма бердім. Ол жерде түсірілген бейнероликтердің барлығы зерттеліп, тәртіпсіздікке қатысушылардың барлығына заң аясында шара қолданылады. Бұл жай ғана қалып қоймайды», – деді Қамшыбек Ташиев.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.