Қалалық қоғамдық-саяси газет

Даңқты күрес маманы көз жұмды

0 594

Танымал жаттықтырушы, кеңестік кезеңде грек-рим күресінің дамуына ерекше үлес қосқан маман Геннадий Андреевич Сапунов қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлады.

«Екі дүркін әлем чемпионы, КСРО спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Сапуновтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Геннадий Андреевич спорт тарихында өшпес із қалдырды. Ол көптеген әлем чемпионын дайындады, олардың қатарында біздің даңқты балуандарымыз да бар. Ол өзінің саналы ғұмырында елуден аса әлем чемпионы мен 20 Олимпиада чемпионын шығарды. Балуандардың күрес әлемінен өзін табуына көп көмегін тигізген маман», – делінген федерация жазбасында.

Ол 1990 жылдары КСРО-дан кетіп, Түркия, Грекия, Польша құрамаларын жаттықтырған. 2000 жылғы Сиднейдегі жазғы Олимпиада ойындарына қазақ балуандарын бастап барған. 2001-2006 жылдары Ресей құрамасында қызмет атқарған. Беларусь балуандарына да бас жаттықтырушы болған.

Геннадий Сапунов 1938 жылы Бурятияның Муй ауданында дүниеге келген. Өмірінің соңғы жылдарын Мәскеуде өткізді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.