Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әбілхан – турнир жеңімпазы

0 190

Бокстан 2017 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл – болашағынан үміт күттіретін боксшы.

Талантты боксшы белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің қол астында жаттығады. Ол жарақатына байланысты биыл өткен Азия чемпионатына бара алмаған болатын. Ұзақ емделуден кейін шаршы алаңға қайта көтерілген Әбілхан бабында екен. Ол жақында Атырау қаласында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған ХІ халықаралық турнирде 81 келіде жұдырықтасып, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ бұл турнирде еліміздің бірнеше боксшысы чемпион атанды. Атап айтқанда, 49 келіде Садай Фарзалиев, 52 келіде Олжас Байниязов, 56 келіде Айдос Арапов, 60 келіде Рустам Рустамов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Нұрқанат Райс, 91 келіде Абзал Құттыбеков, 91 келіден жоғары салмақта Нұрлан Сапарбай шын мықты екендерін тағы да дәлелдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.