Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қордайда дене шынықтыру- сауықтыру кешені ашылды

0 164

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы Ауқатты ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты.

Жаңа заманауи нысан «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген.
Құрылысын мердігер «Тараз- Ісмер» ЖШС жүргізген кешеннің жобалық құны 351,7 миллион теңгені құраған.
Салтанатты шарада облыс әкімі ауылдықтарды қуанышымен құттықтап, Жамбыл спортының жоғары мәртебесіне тоқталды.
– Халқымыздың шынайы серігіне айналған спорт бүгінде үлкен мемлекеттік қолдауға ие. Қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 482,7 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 39,6 пайызына жетті. Өңірімізде спорт саласын дамыту үшін биыл жалпы 13,3 млрд теңге қаралған. Жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өңірде спортпен айналысамын деген әрбір азаматқа қолайлы жағдай жасалуда. Өткен жылы облыста 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, биыл 23 спорт нысаны мен 38 спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 16 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Заманауи спорт кешендері бар шалғай ауылдардың да қатары артып келеді, – деді Нұржан Молдиярұлы.
Келесі кезекте Ауқатты ауылының ардагері Әділбай Семжанов жерлестерінің атынан ризашылығын жеткізіп, лебізін білдірді. Бұдан соң қонақтар мен тұрғындар жаңа кешенді аралап, танысты.
Мұнда ауылдықтар спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады. Айта кетейік, жалпы аудан бойынша бүгінде 351 спорттық нысан жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.