Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындардың талап-тілегі – жіті назарда

0 231

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Шалғай Қарасу» алқабының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы халықты көптен бері ауыз су, жол, көше жарығы, жаяу жүргіншілер жолы, спорт алаңшаларының мәселелері толғандырып келеді. Барлық сауалды мұқият тыңдаған шаһар басшысы көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
– Бұл алқаптағы әрбір мәселе маған жақсы таныс. Қазіргі таңда осы бағыттағы біршама жұмыстарды қолға алудамыз. Айталық, келер жылы мұнда ауыз сү жүйесі тартылады. Ал көшелерге асфальт төсеуді 2025 жылға жоспарлап отырмыз. Ең әуелі жоба әзірленіп, ол сараптамадан өтеді. Келесі кезекте сол жоба бойынша бюджетке өтінім беріледі. Сондықтан сіздерден шыдамдылық танытуды сұраймын. Көше жарығы бойынша да айтарым – осы. Бүгінгі күні шаһар бойынша 500-ден астам көшеге түнгі жарық шамдары қажет. Бұл түйткілдің барлығының қаланың 3 жылға арналған даму жоспары аясында түйіні тарқатылады, – деген қала әкімі жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Тұрғындар да өз кезегінде өтініш-тілектеріне ден қойған шаһар басшысына алғыс білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.