Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкімет басшысы инвестициялық жобалармен танысты

0 196
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ірі химиялық кешенінің құрылыс жобасымен және «Тараз химиялық паркі» АЭА базасындағы жаңа инвестициялық жобалармен танысты.
Бүгінде өңірдің өнеркәсіп саласында 838 кәсіпорын жұмыс істейді, ал жұмыспен қамтылғандар саны 43 мың адамды құрайды.
Биылғы 7 айдың қорытындысына сәйкес облыста өндірілген өнім көлемі 510 млрд теңгеге (+7,8%) жетті.
 «ЕвроХим» компаниясы ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асырды: тау-кен кешенінің базасында жылына 660 мың тоннаға дейін фосфориттер өндіру жолға қойылды, қуаттылығы жылына 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау қондырғысы салынды. Бүгінде И\инвестиция көлемі $126 млн-ды құрады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.