Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бос жұмыс орындары ұсынылды

0 293

Халықаралық жастар күніне орай қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

NEET санатындағы жұмыссыз жастар, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыруды мақсат тұтқан шараға «Мансап» орталығының филиалы, «Отбасы банк», «Аграрлық несие коорпорациясы», «Зерде» ЖШС, «Сәуле» ЖШС, «Өмірді сақтандыру қоры» АҚ, «Арай Строй Маркет» ЖШС, «Радуга Алем» ЖШС, «Санал» күзет агенттігі, «Барыс», «Наурыз», «Адемай» балабақшалары, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Бағыт Тараз» ЖШС, «Бином» ЖШС және қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мамандары қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.
– Бұл жәрмеңке қаламызда жұмыссыз жүрген жастарға зор септігін тигізуде. Осындай игі бастамалардың нәтижесінде қала жастарына қол ұшымызды созып, жұмысқа орналастыра алсақ, біз үшін үлкен қуаныш, мол мәртебе болар еді, – дейді Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов.
Айта кетейік, жәрмеңкеге 200-ге жуық жас пен жергілікті тұрғындар келіп, бос жұмыс орындар тізімін алды.

Әмина МҰСА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.