Городская общественно-политическая газета

Жамбылда тыңайтқыш зауыты ашылмақ

0 363

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов түркиялық «ALARKO HOLDING» компаниясының басшылық өкілдерін қабылдады.

Компанияның вице-президенті Шахин Аббас 1954 жылы негізі қаланған Alarko Holding Түркияда орналасқан, әртараптандырылған іскерлік мүдделері бар танымал, жетекші өнеркәсіптік және инвестициялық конгломерат екендігін атап өтті.
Компания құрылыс, энер-гетика, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым және өндіріс сияқты бірнеше салаларда жұмыс істеп келеді.
Кездесу барысында тараптар суды тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы салаларындағы жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады.
Сондай-ақ Жамбыл облысы сары фосфорға бай екенін ескерген инвесторлар облыс аумағынан тыңайтқыш зауытын салуға мүдделі. Бұл жоба екі тарапқа да тиімді болмақ. Бұдан бөлек, Түрік компаниясы ашық жердегі жылыжай кешендеріне, органикалық-минералды тыңайтқыштар өндіру және тұқым шаруашылығы кәсіпорындарына шамамен 650 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға ниетті.
Облыс әкімі қазіргі таңда агроөнеркәсіп саласына мемлекеттік қолдау шаралары мол екенін, жергілікті билік те өз тарапынан барлық қажетті жағдайларды ұсынуға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты.
– Жалпы Жамбыл жері – инвестицияға қолайлы аймақ. Айталық, ағымдағы жылдың 6 ай- ында аймақтың экономикалық өсімі 104,6 пайызды құраған. 2023-2024 жылдары облыс орталығында 884 жаңа жұмыс орнын ашуға негізделген жалпы көлемі 32,2 млрд теңгені құрайтын 6 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде, аймақ экономикасына оң серпін беріп қана қоймай, инвестициялық ахуалды да жақсартады. Бұл тұрғыда біздің басты мақсатымыз – жаңа жұмыс орындарын ашу. Бизнес жобаларды қолдаудың нақты тетігін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлу маңызды, – деген аймақ басшысы жауаптыларға ұсынылған жобалардың мүмкіншілігі мен тиімділігін жан-жақты талдауға және компания басшыларымен бірге пысықтауды тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.