Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көптен күткен Сәтбаев көшесі жаңғыруда

0 297

Бүгінде Тараз қаласында жолдарды жөндеуге айрықша назар аударылуда.

Шаһардың үш жылға арналған даму жоспарында да бұған ерекше екпін түсірілген. Әсіресе бірінші кезекте көлік қозғалысы көп, екіншіден, талай жылдан бері жөндеу көрмеген жолдарға баса мән берілуде. Солардың бірі – Қаныш Сәтбаев атындағы көше.
Қойгелді көшесі мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол жөндеу жұмыстарына 10 техника, 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Мұнда қа-зір жол негіздемесі дайындалып, жол жиегіне бордюрлар қойылуда.
«Арайстройгруп» ЖШС мердігерлігімен қолға алынып жатқан жол ұзындығы бес жүз метрге жуық.
Жалпы аталған аумақта «Нұралы» базары орналасқаны баршаға белгілі. Жол құрылысы жұ-мыстарына байланыс-ты қазір аталмыш базар қайта жаңғыртылып, зама-науи киоскілер орнатылды. Соның нәтижесінде жол ауқымы ұлғайып, кең көлік тұрағының ашылуына мүмкіндік жасалды. Алдағы уақытта қалған сауда киоскілері де жаңаша кейіпке еніп, артқа шегеріледі. Бұл тұрғындардың көптен бергі тілегі болатын.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.