Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сақтанбасаң, судан келер қауіп көп

0 225

Жаймашуақ жаз мезгілі жетісімен шомылу маусымы басталады. Бұл балаларға да, ересектерге де ерекше сәт. Алайда мұның соңы қайғылы жағдайлармен аяқталатын кездер де аз емес. Сондықтан шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті барынша қатаң сақтаған жөн.

Себебі су айдындарында қаза болу жағдайларының негізгі себебі балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы салдарынан және жабдықталмаған немесе тыйым салынған жерлерде шомылу, балық аулау кезінде және алкогольдік масаң күйде суға түсуден болады. Әсіресе қала және облыс аумағында су қауіп-сіздігі бойынша өткізіліп отырған іс-шараларға қарамастан, күннен-күнге тыйым салынған және аса қауіпті орындарда шомылу деректері көбеюде.
Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге суға шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік іс-шараларды жүргізді.
Шара барысында қызметкерлер демалушыларға шомылуға тыйым салынған орындар туралы, қала аумағында арнайы демалыс аймақ-тарын белгілеу, демалушылардың қауіпсіздігіне ата-аналардың тіке-лей жауап беретіні туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып күнделікті рейд жұмыстарын жүргі-зу кезінде суға шомылуға тыйым салынған жерде, сондай-ақ су айдындарында алкогольдік ішімдікті қолдану бойынша ҚР Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы және 364-бабына сәйкес, әкімшілік практиканы қолдану бойынша халықтың арасында жұмыстарды жүргізуді бастады. Яғни тыйым салынған жерлерде шомылу немесе су айдындарында алкогольдік ішімдікті қолданғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Халық арасында әлеуметтік желі бойынша барынша хабардар ету үшін аталған профилактикалық іс-шараға қаламыздың қоғамдық блогерлері де атсалысты.
Осы орайда жазғы маусымда суға кетіп қаза болу жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасатынын айта кеткен жөн.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.