Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордалық команда екінші кезеңде

0 492

«Астана» футбол клубы Тбилисиде грузиялық «Динамоны» ұтып, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Отандастарымыз сырт алаңдағы қарымта ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір апта бұрын «Астана-Аренадағы» ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан еді.
Тбилиси төріндегі қарымта ойынды алаң иелері ширақ бастады. Әуелі 22 минутта Усман Камара есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймды да «Динамо» шабуылмен бастап, есепті еселеуге аз қалды. 50-минутта Абзал Бейсебеков алға ұмтылып, таразы басын теңестірді. Араға бір минут сала Дембо Дарбо есепте елордалық команданы алға оздырды. Оның асқан шеберлікпен тепкен добын Гиорги Лория қайтарғанмен, доп қақпа торында тулады. Осылайша Григорий Бабаян шәкірттері камбэк жасай білді.
Қос ойын қорытындысы бойынша «Астана» екінші іріктеу кезеңіне шықты. Бұл кезеңде отандастарымыз хорватиялық Загребтің «Динамо» командасымен кездеседі.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.