Қалалық қоғамдық-саяси газет

Есепте тұрған азаматтармен жүздесу

0 372

Жуырда Тараз қалалық №2 пробация қызметі есебінде тұрған «қайта қылмысқа бейім» деп танылған сотталғандармен Тараз қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Г.Абилхаирова кездесу ұйымдастырды.

Қалалық прокуратураның тарапынан атқарылған бұл игі шара өз шеңберінде сотталғандардың шағымы мен қайта қылмысқа итермелеу жайттарын анықтау мақсатында жүргізілді. Аталған іс-шара үйреншікті жиналыс форматынан өзгеше өтіп, сотталғандар мен прокуратура қызметкері арасында сенімді байланыс орнатуға бағытталды. Г.Абилхаирова өз кезегінде жиынның маңызына айрықша тоқталып, азаматтардың ұсыныс-шағымдарына құлақ түрді. Есепте тұрған азаматтар өз ойларын еркін жеткізіп, көкейдегі сауалдарын жолдады.

Асель Ильясова,
Тараз қалалық №2 пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары, әділет майоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.