Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талма ауруын Таразда емдеуге болады

0 1  704

Тараздың нейрохирургтері эпилепсияға шалдыққан нау- қастарға талманы тоқтататын құрылғы орнату арқылы балаларды емдеп жатыр.

Аталған ауруға шалдыққан балаларға күрделі операция жасату үшін облыс халқы бұған дейін Астанаға жол тартатын. Енді ата-ана баласын облыс орталығында емдете алады.
АҚШ-тан әкелінген құрылғының арнайы сенсорлары эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан жеткіншектерге арналған. Операция 40 минуттан 1,5 сағатқа дейін жалғасады. Күніне 20-дан астам талмасы ұстайтын науқастың талма жиілігін азайтып, уақыт өте айығуына әсер етеді.
«Құрылғының өзінің спираль тәрізді «зонты» болады. Сол жүйке жүйесі тамырларына бекітіледі. Сөйтіп, терінің астымен өтіп, ары қарай импульс генераторына жалғанады да, бұғананың астына орнатылады. Өзінің баптауы бар. Сол баптау арқылы біз жиілігін реттеп отырамыз. Импульстің арқасында талманың жиілігі азаяды», – дейді құрылғының жұмыс істеу әдісімен таныстырған Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саят Жұмабаев.
Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысында эпилепсиямен ауыратын 4 мыңнан аса бала тіркелген.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.