Қалалық қоғамдық-саяси газет

Медицинамыздың мүмкіндігі мол

0 1  373

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» дейді қазақ даналығы. Әрине, денсаулық бірінші байлық екені айтпаса да белгілі. Сондықтан елімізде жылда денсаулық саласына қыруар қаржы мен демеу көрсетіліп келеді. Жамбыл облысы мен Тараз қаласында да бұл бағытта бағдарын тапқан баянды істер аз емес.

Бүгінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 1 169189 адамға (Тараз қаласы бойынша – 464 375, ауыл халқы – 704 814) 389 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетуде. Оның ішінде ауруханалық ұйымдар – 26, емханалық ұйымдар – 24, дәрігерлік амбулатория – 122, МП – 142, ФАП – 53, ғимаратсыз нысандар – 15, жедел жәрдем стансасы – 1 және өзге де медициналық мекемелер 5 бірлікті құраса, жекеменшік мекемелер – 58.
Аймақта қазіргі таңда 11 жылжымалы медициналық кешен іске қосылған болса, олардың 3-і КАМАЗ, 8-і автобустық мамандандырылған көліктер. Аталған қызмет түрімен биыл барлығы 265 елді мекенді қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 5 айында 149 ауыл қызметті тұтынған. Нәтижесінде 96 239 азаматты медициналық тексерумен қамту көзделген болса, 5 айда медициналық тексерден 56 946 адам өткен. Оның 13 545-і бала.
2023 жылдың 5 айында 15 992 диагностикалық зерттеулер, 4 344 зертханалық тексеру, 74 164 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді. Тұрғындарды қарау барысында 3 771 науқас анықталып, азаматтарға қан айналым жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, балалар сырқаты сынды дерттер бойынша көмек көрсетілген.
Демографиялық көрсеткіштерге келсек, туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2022 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 73,2 жасты құрап отыр.
2022-2023 жылдары облыс бойынша халықтың табиғи өсімі – 1000 тұрғынға шаққанда 14,96 (2022 ж. – 13,75), туу көрсеткіші – 20,63 (2022 ж. – 20,29), өлім-жітім – 5,67 (2022 ж. – 6,54) діттеді.
Ана өлімі 2023 жылдың 5 ай қорытындысымен 4 жағдай (Тараз қаласы «Мейірім» МО (286,5), Меркі (162,1), Байзақ (103,0) және Т.Рысқұлов (181,8)) тіркеліп, облыстық көрсеткіш 39,2-ні құраған.
Нәресте өлімі 2023 жылдың 5 айында 7,8-ді межелеп, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2022ж.– 7,9) 1,2 пайызға төмендеген (2021ж.– 93, 2022ж. – 80, 2023ж.– 80 нәресте шетінеген).
Әлеуметтік мәні бар ауруларға тоқталсақ, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қан айналым жүйесінен аурушаңдық көрсеткіші 11,9 пайызға азайған. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші болса 0,8 пайызға өсіп, 45,5-ті құрап отыр.
Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші де 1,2 пайызға өсіп, 15,7-ні межелеп тұр. Жоғары көрсеткіштер Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу, Талас және Шу аудандарында орын алған. Десе де, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 1,2 пайызға кемігені жанға демеу болуда.
Бұдан бөлек, қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық көрсеткіші 6,6 пайызға төмендеген болса, аталған дерттен тұрғындардың ажал құшуы да 18,1 пайызға азайған.
Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар көрсеткіші 26,3 пайызға кемісе, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттанудан болатын өлім көрсеткіші де 31 пайызға азайып, көңіл қуантуда.
Облыста медицина саласының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2,6 млрд теңгеге 20 жоба жанданып, оның бүгінде 18-і пайдалануға берілді.Оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 10 нысанның құрылысы бар.
Сонымен қатар 1,4 миллиард теңгеге 10 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жоба шеңберінде 3 ауданда (Меркі, Шу, Талас аудандарында) ауданаралық көпбейінді орталық ауруханалар құруға қайта жаңғырту жұмыстары көзделсе, 3 аудандық орталық ауруханасының (Байзақ, Қордай, Жуалы аудандарында) құрылысын жүргізу қолға алынбақ.
Жоба барлық ауылдардағы 384 мыңнан астам халықты тиісті медициналық инфрақұрылыммен және сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.
Жағымды жаңалықтың бірі – шұғыл және орта технологиялық-медициналық көмек алу қашықтығы 500-ден 200 шақырымға дейін қысқарады. Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 52,4 пайыздан 36,7 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.
Айта кететін жағдай, 14,1 миллиард теңгені құрайтын облыстық онкологиялық диспансері (Тараз қаласында 200 төсекке) пайдалануға беріліп қойды.
Сонымен қатар 2022 жылдан өтпелі 5 нысанның құрылысы аяқталып, тапсырылады.
Жалпы сипаттағы трансферттермен 1486,7 миллион теңге бекітіліп, осы қаржы шеңберінде 10 нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Меркі ауданында 1 нысан (Кеңес ДА), Мойынқұмда 2 нысан (Қарабөгет МП, орталық аудандық аурухананың қазандық жылу трассасы, сумен жабдықтау, кәріз және электр желілері), Тараз қаласында 7 нысанға («Үміт» мамандандырылған балалар үйі; облыстық фтизиопульмонология орталығының Тараз қаласындағы Асқаров көшесі №277 үйдегі диспансерлік бөлімшесінің ғимараты, Крупская көшесі, 1 «Б» мекенжайында орналасқан «Жамбыл облыстық көпбейінді аурухана» кір жуу ғимараты, облыстық қан орталығы ғимаратының ішкі сумен жабдықтау жүйесі, облыстық фтизиопульмонология орталығының бас корпусының желдету жүйесі, Бейбітшілік көшесі №153 балалар жұқпалы аурулар ауруханасының инженерлік желілері, психикалық денсаулық орталығының Асқаров №277 және Бейбітшілік №99 объектілері) құрылыс жұмыстары көзделген.
Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Меркі ауданының Достық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратын күрделі жөндеу бекітілген. Бұл саладағы көрсеткіштердің оң динамикасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бүгінгі күнге жалпы дәрігерлер тапшылығы 125 бірлікті құрайды. Тапшылықты шешу мақсатында облыстың грантымен медицина мамандығы бойынша 42 студент оқуда. Жоғары оқу орнынан кейін 16 дәрігер өңірге жұмысқа кірісті. Қосымша 63 дәрігер резидентурада оқиды. РБ арқылы 46 резидент, МҰ есебінен 5 маман резидентурада оқытылуда.
Соңғы 3 жылда 415 жас маман келсе, бүгінде олар жемісті жұмыс жасауда.
Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында 800,0 мың теңге ЖБ есебінен көтерме ақы бөлу, 1500 АЕК көлемінде РБ есебінен бюджеттік кредит бөлу, 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы беру және коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды өтеуге көмек берілуде.
Қазіргі таңда Бірыңғай Дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар (әрі қарай – ДЗ мен МБ) 10 млрд 446 млн 504 мың теңгеге жеткізілді. Амбулаториялық деңгейде ДЗ мен МБ 6 млрд 52 млн 410 мың теңге. Стационарлық деңгейде ДЗ мен МБ 4 млрд 394 млн 94 мың теңге.
Жамбыл облысы бойынша тәулік бойы медициналық қызмет көрсететін 5 899 кереует қоры бар. Сонымен қатар терапия бөлімі бойынша 277 төсек қоры, ал хирургия бөлімі бойынша 324 төсек қоры жасақталған.
Материалдық-техникалық жабдықтауға келсек, соңғы 3 жылда жергілікті бюджет есебінен 9,1 млрд теңгеге материалдық-техникалық база нығайтылды. Сонымен қатар республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 дана сызықтық үдеткіш сатып алынды. Оған қосымша, қаржы лизингі шарттарымен 12 дана санитариялық автокөлік облыстық жедел жәрдем стансасына жеткізілді.
2022 жылдың қорытындысымен медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 91,9 пайызды құраса, қазіргі таңда құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету төрт пайызға өсіп отыр.
Тағы бір жетістіктер легін атап өтсек, үздік тәжірибе орталығы бүгінде Меркі, Жамбыл, Талас аудандық орталық ауруханаларында және №2 мен 5 қалалық емханасында іске қосылып, жұмыс атқаруда.
Қырғызстандық денсаулық сақтау өкілдері Жамбыл облысындағы «Үздік тәжірибелер» орталықтарының жұмысымен танысып, оқыту семинарларынан өтуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, ҚР дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы Қырғыз Республикасының отбасылық медицина орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Осы меморандумның мақсаты – Қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, медициналық, әлеуметтік ғылымдар мен білім беруді, мейіргер ісін дамыту саласындағы тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және Жамбыл облысындағы үздік практикалар орталықтарының базасында медициналық алғашқы көмек пен медициналық-әлеуметтік инновациялық технологиялардың озық тәжірибесін енгізу.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Қордай аудандық орталық ауруханасында және Шу қалалық емханасында ашу жоспарлануда.
Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық-медициналық көмекті алтын сағат қағидасын жоғалтпай көмек көрсету мақсатында 3 аудандағы (Меркі, Талас және Шу) орталық ауруханалары көпбейінді ауданаралық ауруханалары болып жаңғыртылады.
Бұл ауруханаларда травматология, 2-3 деңгейлі инсульт орталығы немесе ЧКВ (Тері арқылы коронарлық араласу – Чрескожное коронарное вмешательство) орталығы, перинаталдық орталық немесе босандыру бөлімі, хирургиялық бөлім, реанимация және интенсивті терапия және медициналық реабилитация, қайта қалпына келтіру бөлімдері ашылады. Бұл 340 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысының дәрігерлер делегациясы екі аптаға жуық уақыт Туркия мемлекеті Стамбул қаласында «Medipol Mega University Hospital», «medipol bahçelievler hastanesi» көпбейінді клиникасында оқу тәжірибесіне қатысты.
Жетісу облысының медицина саласы өкілдері Жамбыл облысының «Үздік тәжірибелер орталықтарының» моделін практикаға енгізу тәжірибесін зерделеу мақсатында Таразға келді.
2023 жылғы 4-5 мамырда «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Психикалық денсаулыққа заманауи көзқарас» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Құрамында облыстық, қалалық, аудандық емдеу ұйымдарының реаниматолог, трансфузиолог дәрігерлері бар Жамбыл облысының делегациясы 2023 жылдың 27-28 сәуір күндері аралығында Астана қаласында өткен «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық XI республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 13-бабын басшылыққа ала отырып және нәресте өлімін төмендетуге бағытталған шұғыл іс-шараларды жетілдіру жоспарына сәйкес, бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу, патронажды әмбебап прогрессивті моделі стратегиясын іске асыру мақсатында облыстық, қалалық, аудандық емдеу-алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлеріне арнайы оқу ұйымдастырылды.

Дәурен Әбдіқасымов,
Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.