Қалалық қоғамдық-саяси газет

Астана күніне арналған марафонға 500-ге жуық тұрғын қатысты

0 412

Жамбыл ауданында Астана қаласының 25 жылдығына орай «Салауатты өмір сүру- салтымыз» атты жеңіл атлетикалық жүгіру басталды.
Марафонға қатысушылар сағат 07:00-ден бастап тіркелсе, марафонның салтанатты ашылуына аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысып, барша азаматтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

– Құрметті марафонға қатысушылар!
Сіздерді Қазақстан халқының мәртебелі мерекесі – Елорда күнімен шын ықыласыммен құттықтаймын!
Осындай шуақты күнде асқақ орда Астана қаласының 25 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылып жатқан «Салауатты өмір сүру – салтымыз» атты жеңіл атлетикалық жүгіру марафонына қош келдіңіздер!
Дәл қазір Аса ауылының орталық көшесінде спорттық атмосфера салтанат құрмақ. Жаппай жүгіру марафоны өңірімізде спортты насихаттау мақсатында өтіп отыр. Жарыс көптің көңілінен шығады деп ойлаймын,-деді аудан басшысы өз сөзінде.

Аудан көлемінен 500-ге жуық тұрғындар марафонға қатысып, 2,4 шақырымды бағындырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.