Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй кезегіне тіркелу

0 1  081

Тараз қаласы бойынша мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне тіркелу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысының негізінде электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы kezekte.kz электрондық жүйесі арқылы өтінім жолдау қарастырылған. 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар кезекке тіркелу мүмкіндігі бар.

Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнде мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімінде 21 179 азамат тіркеліп тұр. Ағымдағы жылдың ақпан айында кезекке тіркелген мұқтаж жандарға 30 пәтер бөлінді. Алдағы уақытта 60 пәтерден тұратын 4 тұрғын үй пайдалануға беріліп, мұқтаж жандарға кезек ретіне сай берілу жоспарда тұр.
«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан азаматтарға қызмет көрсету бұрышын қарастыру аясында, «Қарасу» шағынауданы, №24 «Д» үйде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы №60 бұйрығы негізінде құзыретті орган ретінде бекітілген «Отбасы банк» АҚ арқылы кезек тізіміне тіркелген азаматтардың ішіндегі көпбалалы, 1, 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар және мүгедек бала асыраушы отбасылар үшін жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын жай үшін төлемдер тағайындау қарастырылған.
Сондай-ақ 2 пайыздық «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында кезек тізіміне тіркелген жекелеген санаттарға жататын азаматтар тұрғын үй алу мақсатында нақты бағдарлама талаптарымен танысу үшін «Отбасы банк» АҚ-на жүгіну қажет.

А.Тукебаев,
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.