Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ашықтықты сақтау – басты қағида

0 501

Жалпы соңғы жылдары біз сыбайлыс жемқорлық, сөз байласу жайында жиі айтып, жиі көтеріп жүрміз. Әрине, бұл қоғамның дамуына кедергі болар кереғар дүниелерден қашық болу – әр азаматтың парызы.

Бастысы, ашықтық сөзбұйдаға салмайтынын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан біздің мекемеде қызмет алушыларға ашықтық, ақпараттарға қолжетімділік жағдайы жасалған. Қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері бұзылмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына келіп түскен арыз-шағымдар жоқ.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының талаптарын қатаң орындау бөлім қызметкерлері назарына ұсынылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша іс-шара бекітілді. Бөлімге 2023 жылдың наурыз айында жалпы жеке тұлғалардан 86 өтініш, заңды тұлғалардан 11 өтініш келіп түскен. Келіп түскен өтініштер заң талаптарына сәйкес қаралып, уақытылы жауабы берілді. 2023 жылдың наурыз айында бөлімнің кіріс құжаттары саны 206-ны, шығыс құжаттары саны 183-ті құрады. Бөлім басшысының қабылдау кестесіне сәйкес, наурыз айының соңына дейін 30 азамат жеке қабылдауда болып, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктемелер берілді. Бөлім басшысы орынбасарының қабылдауында 22 азамат болды. Сұрақтардың басым бөлігі бөлімнің атқаратын құзыретіне байланысты қойылған. Мысалы, жұмыспен қамту, жәрдемақы тағайындау, емделуге жолдама алу, жөргекпұл алу және тағы сол сияқты мәселелерді қамтыды. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес, бөлімге 3 071 құжат келіп түсті, оның 2 493-і мақұлданса, 578-іне бас тарту шешімі шығарылды.
Есепті мерзімде әлеуметтік көмек көрсету секторы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2 түрі бойынша 8 107 қызмет көрсетті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындап төлеу заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың орнына әрбір балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5 175 теңгеден АӘК төлемімен бірге жүзеге асырылады.
2023 жылдың сәуір айында табыстары кедейшілік деңгейінен төмен 2 671 отбасының (1 047 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 1 664 отбасына шартты ақшалай көмек) 13 025 адамына 599,8 миллион теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі және 2 314 отбасының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 121 баласына 71,2 миллион теңге тағайындалды.
Халықты әлеуметтік қорғау, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына атаулы көмек көрсету, аумақтық жұмыспен қамту стратегиясымен көзделген шараларды орындау бойынша «Еңбек нарығы» автоматтандырылған деректі базасына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айында өтініш берген азаматтың саны 8 527 болса, 2022 жылдың сол мерзімінде 4 261 азаматты құраған болатын. Қалалық өңірлік жұмыспен қамту картасы дайындалып, соған сәйкес ағымдағы жылы 13 651 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған еді. Бүгінгі күнге Өңірлік карта аясында жұмыспен қамтылғандардың саны 5 957 адамды құрап отыр. Оның ішінде белсенді шаралар арқылы жұмыспен қамтылғандардың саны – 1 031 адам.
2023 жылы Еңбек шарттарын электрондық есепке алу жүйесіне енгізу жоспары ағымдағы жылдың 29 наурызында бекітілді. Бүгінгі күнге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен 2 584 мекеменің тізімі келіп түсті. Қазір осы тізім бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыс орындарын ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымындағы «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығының негізінде Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы «2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, 17 мекемеге 17 орынға квота белгіленді. 2023 жылдың 1 мамырына 8 мекемеге 8 мүгедектігі бар адам квота бойынша жұмысқа қабылданды.
Тараз қаласында 2023 жылға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша 12 176 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 2023 жылдың 1 мамыр айына жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5 883 адам қамтылды немесе 48,3 пайызға орындалды. 2023 жылға жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жұмыссыздарды оқу ұйымдарында оқытуға 265 адам және бұл оқуларға облыстық бюджет есебінен 68,3 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар жұмыссыздарды жұмыс беруші жұмыс орнында оқытуына 100 адамды осы жылдың маусым айында оқуға жолдау жоспарлануда. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 885 адам жоспарланып, бүгінгі күнге 1 512 азамат оқуға жолданды.

Гауһар ОЛЖАБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.