Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

0 325

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектетілсін».
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жамбыл облысының әкімі Н. Нұржігітов

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы О. Баққараев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.