Қалалық қоғамдық-саяси газет

Донор болу – өзгеге өмір сыйлау

0 871

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні. 2005 жылдан бастап дәл осы күні әлемнің барлық елдерінде Дүниежүзілік донорлар күні атап өтіледі. Осыған орай «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Донор бол – өмір сыйла!» атты акция ұйымдастырды.

Жамбыл облыстық қан орталығында «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері және «Ассамблея жастары» РҚБ еріктілері аталмыш акцияға белсене қатысты.
Іс-шара барысында партия төрағасы Дауыл Бейсенқұлов сөз алып, мұндай шараны Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп өткізу тегін емес екендігін айтты. Себебі ағымдағы жылдың 29 мамырында «AMANAT» партиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Мұндағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, ынтымақтастық пен өзара іс-қимылын белгілеу.
Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Мүбәрак Жинақбаева аталмыш мекеменің қызметкерлері мен «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділерінің қатысуымен өтіп жатқан бірінші қайырымдылық акциясы емес екендігін жеткізді.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.