Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды

0 660

Футболдан Чемпиондар лигасының финалында “Манчестер Сити” миландық “Интерді” ұтып, чемпион атанған еді. Осыдан кейін WhoScored нұсқасы бойынша турнирдің үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды.

Жылдың үздік құрамы төмендегідей:

Қақпашы: Андре Онана (“Интер”).

Қорғаушылар: Алекс Гримальдо (“Бенфика”), Ким Мин Чжэ (“Наполи”), Рубен Диаш (“Манчестер Сити”), Джованни Ди Лоренцо (“Наполи”).

Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брюйне (“Манчестер Сити”), Йозуа Киммих (“Бавария”), Федерико Вальверде (“Реал Мадрид”).

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор (“Реал Мадрид”), Эрлинг Холанд (“Манчестер Сити”), Жоау Мариу (“Бенфика”).

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасының финалы Түркияның Стамбул қаласында өтті. “Манчестер Сити” мен “Интер” арасындағы ойында ағылшындық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.