Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік шара өтті

0 1  112

Бүгін «Анаға тағзым» орталығында Мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды. Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Жиналғандарға «Елдіктің нышаны болған—Елтаңба, Ту, Әнұранның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздерді қадірлеп, қастерлеу керектігі насихатталды.
Биыл ҚР Мемлекеттік туының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдық мерейтойы. Шәкен атамыз 1938 жылы 12 қазанда Тараз жерінде дүниеге келген. Студенттік шағында ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан. Чехославакияда «Глобус» теледидарының дизайны үшін алтын медаль иеленген. Даңқты суретші Қазақстан мен шетелде 50-ден аса жарыстарға қатысып, талай мәрте жеңімпаз атанған. Осындай дара талант иесімен біз мақтануға тиіспіз және мақтанамыз!
Мерекелік кеш барысында «Анаға тағзым» орталығының «Қазына» ұлттық аспаптар үйірмесінің қатысушылары «Балбырауын» күйін тартса, «Сырлы әлем» бейнелеу өнері үйірмесінің шәкірті Алтынай Елубай «Көкке өрле» әнін нақышына келтіріп орындады. Ал, «Ерке сылқым» хореография үйірмесі «Көк тудың желбірегені» патриоттық композициясын ұсынды. Кеш қонақтары «Асыл ана» халықтық әжелер ансамблі әннен шашу шашып, көпшіліктің рухын көтерді.
Жанға жылу, жүрекке шуақ сыйлаған, әр адамның патриоттық рухын арттырған іс-шара Мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп, қастерлеу керектігін тағы бір рет ұқтырды. Азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.