Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер учаскелерін есепке алу қалай жүргізіледі?

0 433

Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 154-бабына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалы – Тараз қалалық тіркеу және кадастры бөлімінің мамандарымен Тараз қаласы аумағындағы жер учаскелерін есепке алу жұмыстары жүргізілуде.

Жер учаскелерін есепке алу жұмыстарының негізінде заңды түрде жерді пайдаланушылардың және нақты жер учаскелерді жалға алушылардың, меншік иелерінің құқықтары тіркеледі. Бұл мәліметтерді жинақтау жерді пайдалану, иелену және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес пайдаланып жатқанының заңдылығына дәлел болады. Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу әртүрлі құқық бұзушылыққа жол бермейді, жерді пайдаланудың тұрақтылығын және дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді.
Жер учаскелерін есепке алу жұмыстары заманауи талаптарға сәйкес, Тараз қаласының елді мекен жерлерінің шекарасы мен аумақ картасы электронды форматта дайындалуына, бос жатқан жер телімдерін анықтауына және оларды тиімді пайдалануына өз ықпалын тигізеді.

Темирхан Айменов,
Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.