Қалалық қоғамдық-саяси газет

Барлық істің бастауы – білімде

0 379

Мемлекет басшысы өткен жылдың тура білім күні халыққа жолдаған Жолдауында елдегі білім саласына ерекше назар аударған еді.

«Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы олқылықтар мен атқарылар жұмыстарды жіпке тізгендей етіп айтып берген болатын.

Білім саласына қатысты Мемлекет басшысы өз Жолдауында баса айтқан бір мәселе – ұстаздардың біліктілігі.

Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Білімнен басталатын жол білімге барып тіреледі.  Сол себепті егемен елдің ертеңін жарқын етер жас буынның дұрыс қалыптасып, болашаққа анық қарай алатын көзі ашық, көкірегі ояу азамат болуы үшін олардың білім алуына осы бастан баса назар аударуымыз қажет. Мемлекет басшысының да Жолдауда айтпақ ойы осы. Берген тапсырмасы да осының негізінде айтылды.

Айнур Менлибекова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының
«Химия және биология» кафедрасының аға оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.