Қалалық қоғамдық-саяси газет

Университет пен мектептер арасындағы байланыс нығая түсуде

0 90

Дулати университеті «Ұстаз» институты, «Химия және биология» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Жаңартылған білім беру мазмұнында биология пәнін оқытудағы әдістемелік ерекшеліктер» тақырыбында семинар өтті. Семинарға «Химия және биология» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен мектеп мұғалімдері және 3-4 курс студенттері қатысты.

Жиында Төле би атындағы №8 гимназиясының биология пәні мұғалімі, педагог шебер Жанара Даниярбековна, №51 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Нургуль Бейсеналиевна, Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Жанара Дуйсенхановна семинар жүргізді.

Семинар барысында биология пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұндық ерекшеліктері туралы бағыт берілді. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдын-ала белгілі және нақты критериийлер бойынша объективті бағалау жолдарын талқыға салынды.

Муталипова Жансая Абдрахманкызы,

Дулати университеті, Химия магистрі, оқытушы.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.