Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өнімі көлемінің үштен біріне жуығы химия өнеркәсібінің үлесіне тиетінін білеміз, бұл жыл сайын оның даму қарқынын арттырып келеді.
Жамбыл облысы – фосфорит шикізатының бірегей базасы. Жамбыл облысында орналасқан Қаратау-Жаңатас фосфорит бассейнінің кен орындарында құрамында фосфорит бар кендердің едәуір кен орындары шоғырланған. Қаратау мен Жаңатас кеншілер қалалары, Тараздағы тұрғын ықшамаудандары, бүкіл инфрақұрылым негізінен химия, фосфориттерді өндіру және өңдеу есебінен пайда болды. Жамбыл облысы Қазақстандағы химия өнеркәсібінің орталығына айналды. Мұнда жылдар бойы жинақталған әлеует дамыды: ресурстық, кадрлық, технологиялық, инновациялық мәселелер туындап отыр.
«Химия өнеркәсібінің қолда бар әлеуетін дамыта отырып, біз жаңа экспорттық өндіріс орындарын құрып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырудың маңызды негізін қалаймыз, бұл бізге әлемдегі негізгі азық-түлік жеткізушілерінің біріне айналуға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетілгендей.
Елімізде мұнай, газ, түсті металдар жеткілікті. Алайда нарық құлдырады, мұнай бағасы төмендеді. Валюта бағамының ауытқуына тәуелді емес, басқа экономиканы дамыту, жоғары технологияларды дамыту қажет. Экономиканы қажетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінде заманауи оқу орындары құрылды. Елімізге инженер-химик, тау-кен өндіру және өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істей алатын білікті кадрлар қажет.
Осы мақсатта бітіруші түлектердің білім алуының одан әрі траекториясының анықтап түсіндіру мақсатында «Жоғары оқу орын өкілдерімен кездесу» атты әдістемелік конференция өтті. Іс-шараға колледждің биылғы түлектеріне М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің арнайы пәнінен аға оқытушысы Айсұлу Құлажановамен түсіндіріп берді. Кездесу барысында Мәскеу қаласының Менделеев атындағы Мәскеу университетіне оқуға шақырды. Осы бағдарлама барысында студенттер оқуды аяқтап келіп жұмысқа орналасатынын айтты.
«Қажетті мамандықты алған түлектер Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істей алады», – деді Мемлекет басшысы. Жоғары оқу орнына түсу ережелерімен және шарттарымен, оқу бағыттарымен, әлеуметтік жағдайлармен – шәкіртақы, жатақханада тұру, университеттегі оқу, спорт және қоғамдық өмір туралы барлық сұрақтарға жауап алды.
Сағида Жамалова,
Бақыткүл Бекмухамедова,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары