Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жоба шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерден жұмыс күші артық өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару

0 214

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №515 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары шеңберінде (әрі қарай – Бағдарлама) жұмыс күші тапшы өңірлерге (Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарына) жұмыс күші артық өңірлерден (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарынан) қоныс аудару туралы қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қолдау шаралары келесіні қамтиды:

Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт- шотына ақша аудару арқылы мынандай мөлшерде материалдық көмек беріледі:

Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

– 1 адам үшін 20 АЕК (69 000 теңге);

– отбасы мүшелерінің саны 2-4 болса 25 АЕК (86 250 теңге);

– отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 30 АЕК (103 500 теңге);

Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

– 1 адам үшін 15 АЕК (51 750 теңге);

– 2-4 адам болған кезде 18 АЕК (62 100 теңге);

– 5 және одан көп болған кезде 21 АЕК (72 450 теңге) мөлшерінде төленеді.

Қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу және/немесе салу арқылы жалға берілетін тұрғын үй беру:

– жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиіс. Жаңа үйлердің ауданы 70-90 шаршы метрден бастап, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы жалдау ақысы 6 000-9 000 теңгеден басталады;

– 5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрған үйді жекешелендіруге болады.

Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.

Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

Тараз қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.